«Жемқорлықсызел– гүлденген ел» / Казнет плюс / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












Казнет плюс



Блог о казахском и мировом интернете

Блог kaznet
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



«Жемқорлықсызел– гүлденген ел»

2015 жылдың 11 қарашасында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы аймақтық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Ш. Уәлиханов ат. КМУ студенттерімен «Еркін пікір» пікірталас клубының олтырысын ұйымдастырды.

Кездесу мақсаты - «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» атты ҚР Президенті Жолдауы, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды насихаттау мен түсіндіру және жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру.

Алғы сөзбен Ш. Уәлиханов ат. КМУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров сөйледі. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» Жолдауының Ақмола облысында орындалу барысымен «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшесі Эсет Куссиева таныстырды. «Нұр Отан»  партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасымен «Нұр Отан»  партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов таныстырды. Мемлекеттік қызмет және жемқорлық фактілері бойынша өз тәжірибесі мен білімімен Тәртіптік кеңес төрағасы, облыстық ҚРМҚІжСЖҚІҚАД төрағасының орынбасары Қуаныш Жапақов бөлісті.

Пікірталас алаңының модераторы аймақ жастарының әйгілі өкілі – Ерлан Мусипов болды, шараны қос тілде тең өткізді. Студенттер пікірталас алаңына белсенді қатысты: жастарды қызықтыратын мемлекеттік қызмет, жалдамалы тұрғын үй, парақорлық туралы және т.б.  сұрақтар қойды.

«Бір жыл бұрын - 2014 жылдың 11 қарашасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында  Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» Жолдауын жария етіп, жаңа курстың, Қазақстан жаңа экономикалық саясатының негізгі кезеңдерін айта кетті. Түскен ұсыныстар мен толықтыруларды есепке алумен «Нұр Отан»  партиясының 2015-2025жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасы қабылданды. Бір жыл өткен соң, біз Жолдау мен Бағдарламаның өңірдегі жетістіктері туралы айта кетуді жөн көрдік, сонымен қатар жастар арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың жолдарын талқыладық», - деп Эсет Куссиева бөлісті.

 


Источник: http://yvision.kz/post/666236