түркілер / Казнет плюс / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется.












Казнет плюс



Блог о казахском и мировом интернете

Блог kaznet
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



түркілер

Түркілер

Ақын  Жұбан  Молдағалиев  өлеңінде  «Біз  қазақпыз,  мың  өліп,  мың  тірілген»,– дейді. Бұл  сөздерді  бүкіл  түркі  халықтарына қатысты  айтуға  болады. Қытай  жылнамаларында түркілерді «тукю» деп  атаған,  өйіткені  қытай  тілінде «р»  дыбысы  жоқ. Одан  кейін  бабаларымыз тарихта  ғұн, скиф, сак,  қыпшақ,  моңғол-татар  деген  атаулармен белгілі. Түркілердің  тарихын Әбілғазы Бахадур  ханның шежіресін оқып  білуге  болады. Ресей тарихшылары Әбілғазы  шежіресін  шындықпен  үйлеспейді  дейді. Оны  түсіндіру  оңай: Шежіре Ресейдің отаршылдық идеологиясына қайшы  келеді. Кеңес  идеологтары түркі  халықтарының  бірлігіне  қарсы  болып,  пантюркизм-реакцияшыл құбылыс  деп жариялады. Түркі  халықтарын  бөлшектеу  үшін «ұлттық  межелеу» шарасын өткізді. Соның  нәтижесінде Кеңес  Одағында  көптеген  жаңа  «ұлттар» мен  «тілдер» пайда  болды. Әбілғазының шежіресіндегі қолданылған «мистификация» әдісін заманның  талабымен  түсіндіруге  болады. Әбілғазы  « шежіреге» салмақ  беру  үшін, түркілердің  жаратылысында   тылсым  күштердің   қатысы  бар  екенін әдейі көрсетеді. Мысалы біздің  бабаларымыз  Ашина–Көкбөріден  тараған  дейді. Көкбөрі  тайпа  көсемінің  аты болуы  әбден  мүмкін. Көне  заманда тотемизм  сенімі  болды. Жыртқыш  бөрінің  аты билеушілерге берілуі таңқаларлық нәрсе  емес.

Алангүл  анамыз  ері  қайтқаннан  кейін  қайнаға,  қайындарына  тұрмысқа  шықпай, елді  жалғыз  өзі  билейді. Алангүл  ай  сәулесінен  үш  ұл  туған дейді. Бұл  құбылыс  билеушінің   сүйген ер  адамы болғанын  және  оны  құпияда  ұстағанын көрсетеді.  Еуропа, Ресей  елдерінде  патшайымдар  күйеусіз  бала  таба  беретін. Патшайымдардың  сүйген  ерлерін  фаворит  деп  атайтын, бұл  құпия  болмайтын. Фавориттен  туған  балалар  тақ  мұрагерлері  бола  алатын. Библия  бойынша  Иса пайғамбар  да  анасы  Мария  Богородицаның  сәуледен біткен  баласы.

Аңыз  бойынша  ертеде  түркі-моңғолдарға  талай қиын  замандар  туып, опаттан  аман  қалғандары баяндалады.Соның  бір – Ергенеқон  аңызы. Жан-жақтан  қоршап  алған  жаулар    көп  ерлерді  опат  қылады, тайпа  құрып  кетудің  алдында  тұрады. Ақсақалдар  ақылдасып,    қалған  шамалы  адамдармен  таулардың  арасындағы  Ергенеқон   жеріне  жасырынады. Бұл  жерден  оларды  жаулар  таба  алмайды. Бабаларымыз  осы  жерде  бірнеше  ғасыр  өмір  сүріп,  ұрпақ  жалғастырады. Өсіп  жетілгесін,  Ергенеқонға  сыймайтын  жағдайға  жетеді. Түркі–моңғолдар  атақоныстарына  қайтып  оралады.  Күш  жинап   алған  елді  енді  жаулар  ала  алмайтын  болды,  саны  еселеп  көбейген   халық  атақонысын   қорғай  алатын  жағдайға  жетеді. «Біз  солардан  қалған  ұрпақпыз»,–   дейді  бабаларымыз.  Ергенеқон  сөзін қазақша былай  тәжірмалауға  болады: «еркін  қоныс». Әбілғазы  шежіресі бойынша  Аланшыдан Моңғол,  Татар  туады. Олардың  ұрпақтары  кейінде  араласып кетеді. Бүгінде  түркі - моңғол  халықтарының  қайсысы  Моңғолдан,  қайсысы  Татардан  тарағанын айту  мүмкін  емес. Бүгінгі  «моңғол»,  «татар» этнонимдермен  атанып  жүрген  этностардың  ежелгі  «моңғол»,  «татар»  атауларымен  байланысы   шамалы. Бұл  көрші  елдердің  сырттан  қойған  аттары. Тарихи уақиғалар түркі-моңғол  халықтарын  дүние  жүзіне  шашыратып  жіберді. Қазіргі түркі-моңғолдардың  ұрпақтары  әр  нәсілді, әр  сенімдегі  халықтар. Батыс  түркілер  ақ  нәсілді,  шығыс  түркілері –  сары  нәсілді болып  саналады. Қазақтар  аралас  нәсілге  жатады, яғни  біздің  ұлтты  құраған  тайпалардың  ішінде  ақ  нәсілділері  де,  сары  нәсілділері  де  болған.   Жүріп  жатқан  көші-қон  үдерісі  нәтижесінде  келешекте  қара  нәсілді  түркілердің  пайда  болуы  ықтимал. Дін  жағынан  түркілер  мұсылмандар, буддистер, христиандар, иудаистер, бурханистер  болып бөлінеді. Бір  кезде  бір  тілде  сөйлеген түркі- моңғолдар  дінмен  бірге  лексикасына көрші  халықтардың  сөздері  еніп, тілдері  өзгеріп,  екі  үлкен  топқа  бөлініп  кетті: түркілер, моңғолдар.  Түркілер  жер  шарының  барлық  құрлықтарында  тұрып  жатыр. Олар  жеті  тәуелсіз  мемлекетте, оншақты ұлттық  автономиялық  территорияларда  тұрады.1. Ең  ірі  этнос  түріктер, саны  60 млн. 2. Әзірбайжандар – 33 млн. 3.Өзбектер – 32 млн. 4. Қазақтар –15 млн. 5. Ұйғырлар –10 млн.6. Моңғолдар – 10 млн. 7. Түркімендер – 8 млн. 8.Татарлар – 6 млн. 9.Қырғыздар –5 млн. 10. Башқұрттар –2 млн. 11. Чуваштар – 1,8 млн. 12. Балқан  түркілері – 1,5 млн.  13.Буряттар – 0,5 млн. 14. Саха – 0,5 млн. 15. Құмықтар – 450 мың. 16. Қырым  татарлары – 300 мың. 17. Тувалар – 250 мың.  18.Гагауздар – 220 мың.  19. Кипр  түркілері -220 мың 20.Қалмақтар –200 мың. 21. Қарашайлар – 200  мың. 22. Балкарлар – 110 мың. 23. Ноғайлар –100 мың. 24. Хакастар –80 мың.25. Алтайлар –70 мың.  26. Шорлар – 15 мың. 27.Долгандар –8 мың.28.  Караимдар  мен қырымшақтар –2 мың. Ата - баба тілінен  айрылған болгарлар  славян  тілінде  сойлейді. Түп - тамыры түркіден  шыққан  казактар  этнос  ретінде  құрып  кетті, шамалы  қалған  казактардың  ұрпақтары  «орыспыз»  деп  жазылады.

Түркі-моңғолдардың  көпшілігі  мұсылмандар.  Моңғолдар,  буряттар, қалмақтар, тувалар– ламаистер. Гагауз  бен  чуваштардың   негізгі  бөлігі  христиандар. Сахалар –  тәңіршілдер, алтайлар  – бурханистер, қараим  мен қырымшақтар –иудаистер. Отаршы  елдердің «бөліп  ал  да, биле» саясатының   Ресейде  өткізген  «ұлттық  межелеудің»  салдарынан  түркі-моңғол  халқы  майдаланып,  бөлшектеніп  кетті. Бүгінде  түріктер,  әзірбайжандар, өзбектер, қазақтар, моңғолдар, түркімендер, қырғыздар  ұлттық  тәуелсіз  мемлекеттерінде  тұрып  жатыр. Татарлар,  башқұрттар,  чуваштар, буряттар,  сахалар,  құмықтар,  қырым  татарлары,  тувалар,   қалмақтар,  қарашайлар,  балкарлар,  ноғайлар,  хакастар,  алтайлар  Ресей  құрамында  автономиялық  республикаларда тұрады,  долгандар – Долгано-Ненец  ұлттық  округінде. Ұйғырлар  мен  моңғолдардың  көпшілігі  Қытайдың  автономиялық  аудандарында  тұрады, Гагаузия – Молдованың  оңтүстігінде  құрылған  ұлттық  аймақ. Ұлттық  территориялардан  тыс  түркілер  дүние  жүзінің әр  түпкірлерінде  тұрып   жатыр: Иран – 24 млн., Германия – 5 млн.,Ауғанстан  – 3,8 млн., Ирак  пен  Сирия – 3 млн., АҚШ – 1 млн., Франция – 600 мың., Солтүстік  Африка мен Парсы  Шығанағы –500 мың., Голландия –400 мың.,Украина  мен  Белоруссия – 350 мың., Австралия – 60 мың., Ұлыбритания – 50 мың.,  Канада – 20 мың., Латын  Америкасы –10 мың. Тарихта  қалған кейбір билеушілеріміздің есімдерін атап  өтейік. Қият  руынан   тараған  аты  әлемге  әйгілі Шыңғыс  хан, Барлас  руынан– Әмір Темір, Ануштегіндер  әулетінен – Мұхаммед  Хорезмшаһ,  Ақарыстың  бесінші  ұрпағы  Мыңжүзден (Мингі)   шыққан Шахрух бек.

ХХ ғасырдың бірінші  бөлігі  түркі  халықтарына  ауыр  тиді. Қаптаған  соғыстарда миллиондаған  түркілер  қырғынға  ұшырады. Бүгінде  түркі-моңғолдарға  екінші Ергенқон  заманы  туды  деп атауға  келеді.  Түркі-моңғолдардың  саны өсіп - жетіліп  жуықтап  200 миллионға  жетті.  Түркі  халықтарына  бейбітшілік,  қажырлы  еңбек, өзара  ықпалдастық  қажет.

 


Источник: http://yvision.kz/post/745752